Инвестиция салуды бастағым келеді: алаяқтарға тап болмаудың жолдары қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инвестиция салуды бастағым келеді: алаяқтарға тап болмаудың жолдары қандай?

Инвестиция салуды бастағым келеді: алаяқтарға тап болмаудың жолдары қандай?

Қазіргі кезде бағалы қағаздар мен криптовалюталарға инвестиция салу туралы көп айтылып, жазылып жүр. Пассивті табыс табу идеясы өте тартымды. Оның үстіне, бүгінде Интернеттің арқасында инвестор болу әлдеқайда оңай. Ең бастысы – жалған брокерлер мен кибералаяқтардың құрбаны болмау. Оларды қалай тануға болатынын айтып берейік.

  • 9 Ақпан
  • 7789
Фото - Caravan.kz

Алаяқтардың әрекетінен жинақтарыңыздан айырылып қалмау үшін бірнеше сұраққа жауап беру керек, жазды Caravan.kz медиа порталы stopfake.kz-ке сілтеме  жасап.

1. Инвестициялық бағдарлама туралы қайдан білдім?

Егер жауап төмендегідей болса, онда инвестиция салуға асығудың қажеті жоқ.

– Әлеуметтік желілерден.
Алаяқтар ең көп қолданатын тәсіл – әлеуметтік желілердегі жарнама. Дәл қазір ақша салып, бір аптадан кейін 3-4 есе артық пайда табуға кепілдік беретін хабарландыруларды көргендер бар шығар.

– Іздеу жүйесінде бұл сайт бірінші болып шықты.
Алаяқтар белгілі банктердің немесе компаниялардың платформаларынан көшірілген жалған сайт жасай алады. Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен солай болды. Зиянкестер беделді ұйымның атынан портал ашқан.

– Мессенджерге келді.
Telegram немесе WhatsApp арқылы қандай да болмасын инвестициялық бағдарламаға шақыру сілтемесін алуыңыз мүмкін. Көп жағдайда ол белгілі банктің немесе ірі қаржы ұйымының логотипі бар сайтқа апарады, бірақ бұл платформалар жалған.

– «Таныстарымның» ұсынысымен
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтар өздерін жалған есімдермен таныстырып, әлеуметтік желілерде ықтимал құрбандармен романтикалық қарым-қатынас орнатқан оқиғаларды оқуға болады. Бірнеше күн бойы онлайн сөйлескен соң олар кездейсоқ «сенімді брокер» туралы айтып, инвестициялауды бастауға белсенді түрде «көмектесед».

 

2. Мен лайықты инвестициялық бағдарлама тапқан сияқтымын. Не нәрсеге назар аударуым керек?

Егер төменде көрсетілген белгілердің біреуін болса да, байқасаңыз – бұл бағдарламаға қатысудан бас тартыңыз.

– Тез және көп табыс табу туралы уәде.

Бұл онлайн-алаяқтардың «ерекшелігі». Көп жағдайда адамдар қомақты қаржы табуға үміттенеді.
– Оны ұсынған компания басқа елде лицензияланған.
Бұл жағдайда, компания шын бар болса да, оның ҚР аумағында қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.

– Брокерлер мен кеңесшілер бағдарлама туралы жаңа ақпаратты айта отырып, жиі қоңырау шалып, жазады.

Бұл да алаяқтардың ерекшелігі. Осылайша, олар адамға ойлануға уақыт бермейді және оны басқа біреудің қалтасына «инвестиция» құюға мәжбүр

етеді.

– Сізбен ресми шарт жасаспайды және ешқандай құжаттарға қол қоймайды.

Бұл міндетті түрде сізді алаңдатуы тиіс: ресми құжаттардың болмауы – бұл екі жақтың да жауапкершілігінің болмауы.

– Сізден брокердің қызметтерін, комиссиялар, салықтар немесе картадан картаға аудару арқылы кез келген төлем жасауды өтінеді.

Олай істеуге болмайды. Алданған жағдайда сіз брокердің, кеңесшінің қызметтеріне ақы төлегеніңізді немесе бір нәрсеге инвестиция салғаныңызды дәлелдей алмайсыз.

– Алғашқы шағын «инвестициядан» кейін қысқа уақыт ішінде сіздің шотыңызға ақша түсе бастады.

Өкінішке орай, шотыңызға ақшаның түсуі де қауіпсіздігіңізге кепілдік бермейді. 2022 жылы Ресейде алаяқтар өз құрбандарының сеніміне кіру үшін оларға «табыс» түрінде аз мөлшерде ақша қайтарған жағдайлар тіркелді. Қуанған адамдар көп қаржы «құя» бастаған, бұдан кейін алаяқтар да, кірістер де жоғалған.

 

3. Бәрі жақсы сияқты. Брокерді немесе компанияны қосымша тексеру керек пе?

Міндетті түрде.

– Инвестициялық бағдарлама туралы ақпарат банктің немесе компанияның ресми ресурсында жарияланғанына көз жеткізіңіз.

Сайт мекен жайының жазылуын мұқият тексеріңіз, барлық бөлімдердің жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз – алаяқтық платформалар жиі «бос» болады, ал бөлімдері бар батырмалар басылмайды.

– Бағдарламаға жетекшілік ететін ұйымның ҚР Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының тізімінде бар-жоғын тексеріңіз.

Мұны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында жасауға болады. Онда Қазақстанда лицензияланған барлық брокер-дилерлердің және бағалы қағаздар нарығының басқа да кәсіби қатысушыларының толық тізімі бар.

Бұл сізге қауіпсіздікте болуға және алаяқтардың қармағына түсіп қалмауға көмектеседі деп үміттенеміз.

Соңғы жаңалықтар