Инвестициялардың орта мерзімдік өсім қарқыны 8 - 8,6% болмақ - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инвестициялардың орта мерзімдік өсім қарқыны 8 - 8,6% болмақ - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

Инвестициялардың орта мерзімдік өсім қарқыны 8 - 8,6% болмақ - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Инвестициялардың орта мерзімдік өсім қарқыны 8 - 8,6% болмақ. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Тепе-тең экономикалық өсімнің негізі — инвестициялық процесті ынталандыру, бұл ретте инвестиялардың тұрақты өсімінің қарқыны 8 — 8,6% құрап, Жалпы ішкі өнімнің өсімінен озып отыруға тиіс», — деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің жылдық орташа өсімі 2009 — 2013 жылдарда 4,6%, ауылшаруашылығының жалпы өнімінің өсімі — 3,5% құрайды. Құрылыс жұмыстарының жылдық орташа өсімі 8% деңгейінде болмақ. «Транспорт қызметі орта есеппен 4,1%, байланыс қызметінің көлемі 18,4% болмақ», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар