Инвесторлар Қазақстанда тек шикізат өндірумен шектелмей, оны өңдеуге де атсалысуы тиіс - Қазақстан президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инвесторлар Қазақстанда тек шикізат өндірумен шектелмей, оны өңдеуге де атсалысуы тиіс - Қазақстан президенті

Инвесторлар Қазақстанда тек шикізат өндірумен шектелмей, оны өңдеуге де атсалысуы тиіс - Қазақстан президенті

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстағы кәсіпорындардың жетекшілерімен және шетелдік инвесторлармен жүздесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ақтаудан.

  • 24 Мамыр 2005
  • 419
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Н.Назарбаев инвесторларға қойылатын жаңаша талаптардан хабардар етті. Мемлекет басшысы «инвесторлар Қазақстанда тек шикізат өндіріп қана қоймай, сонымен бірге оны өңдеуге де атсалысуы тиіс»,- деп мәлімдеді.

Елбасының айтуынша, бұдан былай Қазақтанда көмірсутегі шикізатын өндіруге лицензия алып жұмыс жүргізу үшін байқауға тек мұнай және газ өндірумен бірге оны өңдеу, мұнайхимиясын дамыту және Қазақстанда өндірістер ашумен шұғылданатын инвесторлар ғана жіберіледі.
«Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндігі байлықты игеру бағытында осындай саясат ұстанатынымызды ресми мәлімдеп, баршаңызды хабардар етемін»,- деді мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта