"Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының" басшысы үкіметте өткен кеңесте ұйымның қызметі мен алдағы жоспарлары туралы есеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының" басшысы үкіметте өткен кеңесте ұйымның қызметі мен алдағы жоспарлары туралы есеп берді

"Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының" басшысы үкіметте өткен кеңесте ұйымның қызметі мен алдағы жоспарлары туралы есеп берді

Кеше, 23-ақпанда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте "Инжиниринг және трансферт технологиясы орталығының" есебі тыңдалды.

  • 24 Ақпан 2004
  • 492
Фото - Caravan.kz

Орталықтың басшысы Ғосман Әмрин кеңеске қатысушыларға даму институтының жоспары туралы хабарлама жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Орталықтың мақсаты — жаңа технологиялардың трансфертін ұйымдастыру, техносаябақтар желісін құру арқылы инновациялық қызметті белсенді жүргізу жолымен еліміз экономикасының нақты секторының бәсекелестік қабілетін көтеру болып табылады.
Үкімет басшысына «Инжиниринг және трансферт технологиясы орталығының» алға қойған мақсаттарын шешуге бағытталған тетіктер туралы ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, Орталық Қазақстанды қазіргі заманғы технологияларға көшіру үшін ірі трансұлттық корпорациялармен әріптестік байланыстар орнатып, халықаралық интуллектуалды меншік биржаларына белсене атсалысуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта виртуалды техносаябақ құру да жоспарда бар.
2003 жылдың екінші жартысында үкімет қаулысымен құрылған бұл орталық биотехнологиялық өндірісті дамытуға, минералды шикізатты терең өңдеуге байланысты ірілі-ұсақты жобаларды іске асыруға қатыса бастады. Орталық сондай-ақ, керамика және бериллилі қолаға байланысты жобаларға, бірқатар өзге де жобаларды өз күшімен жүзеге асыра бастады.
Кеңес соңында орталықтың есебін үкімет басшысы оң бағалады.

Соңғы жаңалықтар