Әуежайда корольді ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев пен Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов күтіп алды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Иорданияның билеушісі елімізге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен келді.
Бүгін Н.Назарбаев Алматыдағы сарайында Иордания королімен келіссөздер жүргізіп, кездесу қорытындысы бойынша екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Сәрсенбі күні Абдулла ІІ бен аль-Хусейн жеке бағдарлама бойынша сапарын жалғастырады. Билеушінің сапары 11-қарашада аяқталады.