Иорданиялықтар Әл-Ақса мешітін қорғау үшін көшеге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иорданиялықтар Әл-Ақса мешітін қорғау үшін көшеге шықты

Иорданиялықтар Әл-Ақса мешітін қорғау үшін көшеге шықты

Мұсылмандардың үшінші қасиетті мекені саналатын Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне қатысты израилдік арандатуға қарсы наразылық ретінде

  • 21 Қыркүйек 2015
  • 442
Фото - Caravan.kz

Амман және барша Иордания Хашимит Корольдігі бойынша басқа да қалаларда мыңдаған иорданиялықтар көшеге шықты. 15 қыркүйектен бастап өтіп жатқан демонстрацияны Иордания «Ислам іс-қимыл майданы» (ИІМ) ұйымдастырды.

Марш барысында Амман орталығында ызалы демонстранттар әл-Харам әл-Кудс аш-Шариф мешітін қолдайтын ұрандар көтерді, араб елдерін исламның үшінші қасиетті мекені — Әл-Ақса мешітін қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырды.

ИІМ өкілі Мурад Адейлах демонстрацияны «Әл-Ақса» мешітіне израилдік агрессияға қарсы «Ызалы күн» деп сипаттады. «Барша Корольдіктен иорданялықтар бүгін Әл-Ақса» мешітін қолдау үшін көшеге шықты. Олар Иордания үкіметін Израильмен дипломатиялық қатынастарды үзіп, саяси және экономикалық ынтымақтастықты тоқтатуға шақырды», — деді ол.


Соңғы жаңалықтар