Жарияланды: 520

Иорданияның Петра Университеті дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығын атап өтуге, Қазақстанның 2011 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында және Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуіне орай,

осы мәселені жан-жақты хабардар ету мақсатында Иорданияның белгілі «Петра Университетінің» ғимаратында дөңгелек үстелдің Елшіліктің ұйымдастыруымен өтті. Аталған іс-шараға университеттің президенті Аднан Бадран (кезінде Иорданияның Премьер-министрі болған), факультеттердің декандары, оқытушы профессорлары, сонымен қатар Дүниежүзілік Ислам Академиясы ғылымдарының Бас директоры Муниф Зуби және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінен. Дөңгелек үстелге қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Болат Сәрсенбаев тәуелсіз Қазақстан Республикасының 20 жыл ішінде еліміздегі саналуан халықтар мен ұлт өкілдерінің арасындағы бірлік пен татулық және осы уақыт аралығында қол жеткен табыстар мен жетістіктер жөнінде, сонымен қатар ҚР-дің ШЫҰ мен ИКҰ-ға төрағалық етуінің маңызы мен рөліне қатысты баяндама жасады. Осы тақырыптарға байланысты қонақтарға алдын ала дайындалған брошюралар мен кітапшалар таратылды, еліміз жөнінде деректі фильм көрсетілді. Университет ұжымы атынан, осы жоғары оқу орнының президенті Аднан Бадран және ДИАҒ Бас директоры Муниф Зуби Қазақстан мен Иордания арасындағы ғылым мен білім, мәдениет салалары бойынша ынтымақтастықтың жыл сайын дамып жатқандығын атап өтіп, осы тұрғыда ҚР Президентінің жүргізіп жатқан ішкі және сыртқы саясатының арқасында Қазақстанның дүниежүзіне танымал болып, қарқынды даму үстінде екендігін әңгімеледі. Содан кейін осы тақырыптар бойынша қызу пікір-алмасу болып өтті. Дөңгелек үстелге Елшіліктің қызметкерлері қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть