Айталық, Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы 0,10 процентке арзандап, әр барреліне 29,69 долларға дейін төмендеді.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны 0,19 процентке қымбаттап, әрбір баррельге шаққанда 31 доллар 84 центке дейін көтерілді.