iPhone 5 таза алтыннан құйылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
iPhone 5 таза алтыннан құйылады

iPhone 5 таза алтыннан құйылады

Ұлыбританияда iPhone 5 смартфонының 50 данасы саудаға алтынмен апталып шығатын болды.

  • 19 Қараша 2012
  • 350
Фото - Caravan.kz

Amosu Luxury зергерлік үйі оларды гауһар тастармен безендіруді де жоспарлап отыр.

«Маяк» радиосының хабар­лауынша, ерекше iPhone 5-тердің 25-інің корпусы — таза ақ алтыннан, қалған жартысы таза сары алтыннан құйылады. Әр құрылғы 815 түйір гауһар таспен бедерленеді. Мұндай бағалы смартфонның әрқайсы­сының құны 15 мың фунт стер­лингі (24 мың доллар) болады. iPhone 5 — Apple-нің дизайнер Джонатан Айв құрастырған өнімі, iPhone смартфондарының алтыншы ұрпағы. iOS 6 опе­рациялық жүйесімен жұмыс істейтін ақылды құрылғы екі ай бұрын Сан-Францискода таныс­тырылып, кейін Австралияда алғаш рет саудаға шығарылды.

Соңғы жаңалықтар