Caravan Logo

iPhone 5 таза алтыннан құйылады

iPhone 5 таза алтыннан құйылады

Amosu Luxury зергерлік үйі оларды гауһар тастармен безендіруді де жоспарлап отыр.

«Маяк» радиосының хабар­лауынша, ерекше iPhone 5-тердің 25-інің корпусы - таза ақ алтыннан, қалған жартысы таза сары алтыннан құйылады. Әр құрылғы 815 түйір гауһар таспен бедерленеді. Мұндай бағалы смартфонның әрқайсы­сының құны 15 мың фунт стер­лингі (24 мың доллар) болады. iPhone 5 - Apple-нің дизайнер Джонатан Айв құрастырған өнімі, iPhone смартфондарының алтыншы ұрпағы. iOS 6 опе­рациялық жүйесімен жұмыс істейтін ақылды құрылғы екі ай бұрын Сан-Францискода таныс­тырылып, кейін Австралияда алғаш рет саудаға шығарылды.