Ипотека: Ертең «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ипотека: Ертең «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады

Ипотека: Ертең «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады

Мамыр айында демалыс күндері көп болатындықтан, Отбасы банкі өтінім қабылдауды бес күн бұрын бастау туралы шешім қабылдап отыр, деп хабарла

  • 24 Сәуiр
  • 22
Фото: ашық дереккөз

Мамыр айында демалыс күндері көп болатындықтан, Отбасы банкі өтінім қабылдауды бес күн бұрын бастау туралы шешім қабылдап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қаржылық сауат-қа сілтеме жасап.

Енді мына жағдайларға мән беріңіз:

1.⁠ ⁠Отбасы банкінде депозит болу керек, жоқ болса – ашыңыз. Себебі, бұл бағдарламаның ерекшелігі сол – депозит мерзімі ескерілмейді, яғни, маңызды емес.

2.⁠ ⁠Жинақ шотыңызда кемінде 1 млн теңге жатуы керек. Бұл соманы өтініш берер алдында да шотқа аудара салуға болады.

3.⁠ ⁠Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде үй болмауы керек.

Отбасы мүшелеріне: күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер қатысушы некеде болмаса, онда атында үйдің бар-жоғы тек өз басына тексеріледі. Бағдарламаға қатысушының ата-анасынан ол ақпарат тексерілмейді.

4.⁠ ⁠Соңғы 6 айда ресми табысың болуы керек.

25 сәуірде өтінімді otbasybank.kz порталында тапсырасыз. Қабылдау мерзімі екі ай, яғни 30 маусымға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Бағдарламаның шарттары:

  • алғашқы жарна – 20%-дан басталады;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит ставкасы – 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9%-ға дейін);
  • азаматтардың барлық санаты үшін кредит ставкасы – 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8%-ға дейін);
  • несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Бағдарлама 8 жылға арналған. Осы уақыт аралығында еліміздің 68 000 азаматын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Биылғы меже бойынша, 12 мың қазақстандық үйлі болуы керек.