Ипотекалық қарызы барларды жаппай үйлерінен шығарудың алдын алу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң керек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ипотекалық қарызы барларды жаппай үйлерінен шығарудың алдын алу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң керек

Ипотекалық қарызы барларды жаппай үйлерінен шығарудың алдын алу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң керек

Ипотекалық қарызы барларды жаппай үйлерінен шығарудың алдын алу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң керек, деп есептейді «Гражданское право на жилье» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Николай Комаров.

  • 7 Маусым 2011
  • 670
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда банктің заемшысын қорғайтын заң жоқ. Біздің заңдарымыз бізге өз құқықтарымызды қорғауға мүмкіндік бермейді. Басқа елдерде мұндай қызметті жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң атқарады … Бізге осындай заң жетпей тұр», — деді Н. Комаров сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның атап көрсетуінше, жақын уақытта Батыс Еуропа елдерінің, АҚШ-тың, содан кейін Қазақстанның экономикалары көтеріле бастауға тиіс. Бұл тұрғын үй бағасының қымбаттауына және ипотекалық займдардың артуына алып келеді. Бұл өз кезегінде қиын борышкерлердің үйлерін тартып алу бойынша сот процестерінің толқынын тудырады.

«Қазіргі дағдарысқа байланысты пәтерлердің құны ипотекалық борышкерлердің банктерге қарызынан төмен», -деді ол.

«Гражданское право на жилье»ҚБ-сінің өкілдері бұл проблема әлі де болса өткір күйі қалып отыр.

«Бір «Қазкоммерцбанктің»өзі 32 мың ипотекалық несие берген. Олардың біраз бөлігі қиын несиелер қатарында. Ал Қазақстанда ондай 36 банк бар», — дейді бірлестік басшыларының бірі Эльмира Ысқақова.

Сондай-ақ, мерзімі өтіп кеткен қарыз үшін төленбеген өсімақы проблемасы да шешілмей отыр. 2009 жылдың наурызында үкімет пәтерді соттан тыс тәркілеуге және өсімақыны өндіріп алуға мораторий енгізген болатын. Алайда өсімақы аударылып келді. Ал 2009 жылдың наурызында мораторий аяқталды. Нәтижесінде банкер өсімақыны өндіріп алу процесін бастады.

«Көптеген ипотекалық несиелер бойынша қарыз, мысалы Т40 млн-ға екі жылдың ішінде Т20 млн өсімақы есептелді. Сот приставтары айыппұлдарды бірреттік төлеуді талап етіп отыр. Бұл мүмкін емес екені түсінікті ғой», — деді Э. Ысқақова.

Соңғы жаңалықтар