Жарияланды: 420

Ирак Елекеев: мен осындағы әріптестерім сияқты үндемей отыра алмаймын!

Парламенттің міндеті қандай? Бұл сұрақ депутаттар арасында дауға айналды. Тіпті соңғы уақытта осы тақырып жиі көтерілетін болды. Өткен апталарда мәжілісмен Ирак Елекеевтің «дым бітірмей үндемей отыра беретін болсақ,онда Парламентті таратайық»дегені белгілі. Бүгін ол тағы да өз әріптестерін бір түйреп алды.

Ирак Елекеев, Мәжіліс депутаты: 

- Мен осындағы басқа әріптестерім сияқты үндемей отыра алмаймын! Осыны шегелеп айтқым келеді және жемқорлыққа қарсы күресімді жалғастыра беремін. Бұл – менің өмірлік ұстанымымжәне осы жолдан тайып кетпеймін.

Ирак Елекеев өткен жолы да Парламенттің атына қатты сын айтқан болатын. «Жемқорлықты жою ісін аймақтардан бастап, ол үшін облыс басшыларын шақыртып, жауап алу керек»деді бүгінгі сөзінде. Бірақ бұл жолы Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың шыдамы таусылды. Ол әріптестерін тыңдап болғаннан кейін Ирак Елекеевтің сөзіне тура жауап берді. Төрағаның айтуынша, Заң шығарушы орган - Парламент әр іске бір араласа бермей, тек өз жұмысын білуі керек.

Орал Мұхамеджанов, Мәжіліс төрағасы:

- Егер дәл осылай кете берсек, депутаттарды сиыр неге көп сүт бермеді, астық неге бітік шықпады, тіпті, туған бала саны неге аз деп те кінәлауға болады. Бірақ,бұлай бәрін әкеп,бір жерге тықпалай беруге болмайды ғой!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін