Ирак соғысы Орталық Азия аймағындағы геосаяси ахуалды ушықтырып жіберді, алайда аймақ елдері әзірге саяси күш-жігер біріктіруге асықпай отыр- профессор Хакамада - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирак соғысы Орталық Азия аймағындағы геосаяси ахуалды ушықтырып жіберді, алайда аймақ елдері әзірге саяси күш-жігер біріктіруге асықпай отыр- профессор Хакамада

Ирак соғысы Орталық Азия аймағындағы геосаяси ахуалды ушықтырып жіберді, алайда аймақ елдері әзірге саяси күш-жігер біріктіруге асықпай отыр- профессор Хакамада

Ирак соғысы Орталық Азия аймағындағы геосаяси ахуалды ушықтырып жіберді, алайда аймақ елдері әзірге тұрақтылықты сақтау және осы өңірдегі геосаяси ойынға қатысушы алпауыт мемлекеттер арасындағы мүдде тепе-теңдігін сақтау мақсатымен саяси және экономикалық күш-жігер біріктіруге асықпай отыр. Бұл туралы Токио университетінің халықаралық саясат, экономика және бизнес факультетінің деканы, саясаттанушы ғалым Аояма Гакуин Сигека Хакамада бүгін, 16-қыркүйекте KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсетті.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 1571
Фото - Caravan.kz

Бастапқы кезеңде Ауғанстандағы талибан қозғалысына қатысты шиеленістің шешілуі Орталық Азия елдері үшін өсуге жағдай жасады. Өйткені, Батыстағы қоғам назары осы өңірге ауып, шиеленістің одан бетер ушығу қаупі сейілгендіктен, Орталық Азия аймағындағы елдер саяси сахнадағы басты әрі белсенді ойыншыларға айналып, Ауғанстанды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік алды,- деп пайымдайды С.Хакамада.

Ал кейінірек, Иак соғысы басталу салдарынан аймақ елдеріндегі геосаяси ахуал едәуір ушығып, дүниежүзіндегі геосаясатқа бағыт-бағдар беретін негізгі орталықтар — АҚШ, Еуропа, Ресей мен Қытай арасындағы қайшылықтар шұғыл шиеленісіп кетті. Соның салдары ретінде , аймақ елдерінің басшылығы үшін осындай алыптар мүддесінің текетіресінде «тепе-теңдік нүктесін таба білу» қиынға соқты.
Мұндай тәуелділіктен құтылудың бір жолы — Орталық Азия елдерінің өзара экономикалық және саяси интеграциялануы болмақ,- дейді С.Хакамада . Әйтсе де, әзірге әр елдердің басшылығы әр бағытта экономикалық саясат жүргізіп, ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың сан алуан әдістемелеріне бағынып отырғандықтан, дәл осындай интеграцияны жүзеге асыру мүмкін емес. Дейтұрғанмен, интеграцияның алғашқы элементтері байқала бастады. Сол себепті Орталық Азия елдерінің басшылары осы бағыттағы талпыныстарын одан әрі жалғастыра беруі қажет,- деді ол.