Иракта 11 министрлік қысқартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта 11 министрлік қысқартылды

Иракта 11 министрлік қысқартылды

Ирактың премьер-министрі Хейдар аль-Абади ірі мемлекеттік лауазымдарды қысқарту және біршама министрліктерді біріктіру туралы жарлық шығарды.

  • 17 Тамыз 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Министрлер кеңесі (Үкімет) төрағасының баспасөз қызметіне сілтемемен шетелдік БАҚ хабарлады.

«Жалпыұлттық мүддеге сай, Ирак конституциясының 78-бабына сәйкес және елдің Өкілдер кеңесінің (парламент) қолдауымен елдегі министрліктер санын 33-тен 22-ге қысқарту туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.

Осылайша әл-Абади бір апта бұрын өзі ұсынған және оны үкімет пен парламент қолдаған реформалар тобының бір бөлігін жүзеге асыруды бастады. Оның ішіндегі ең маңыздылары вице-президент және премьер-министр орынбасарлары лауазымдарын жою болып табылады.


Соңғы жаңалықтар