Иракта бейбітшілік орнату операциясына қатысатын Қазақстандық қызметкерлер құрамы жасақталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта бейбітшілік орнату операциясына қатысатын Қазақстандық қызметкерлер құрамы жасақталды

Иракта бейбітшілік орнату операциясына қатысатын Қазақстандық қызметкерлер құрамы жасақталды

Иракта бейбітшілік орнату операциясына қатысатын Қазақстандық қызметкерлер құрамы 25 адаммен жасақталды . Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің халықаралық бағдарламалар орталығының бастығы Игорь Мухамедов KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 23 Маусым 2003
  • 455
Фото - Caravan.kz

И.Мұхамедовтың айтуынша, қазір 3 тәржімашы, 8 маманды офицерлер мен Қазақ батальонының шартпен жұмыс істейтін жауынгерлерінен құралған 25 адам қосымша дайындықтардан өтіп, ағылшын тілінен дәріс тыңдауда. Иракта бейбітшілік орнатушы Қазақстандық контингент сумен қамтамасыз етушілер, жарылғыш заттарды залалсыздандырушылар және қамтамасыздық қызметкерлері деген үш топпен жұмыс істейді деп күтілуде. Алдын-ала есеп бойынша бұл мақсатқа 98 млн. доллар қажет.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Иракқа бостандық сыйлайық» деп аталатын операция аясында жұмыс істеп жатқан одақтастық күштері ҚР-ның әскери инженерлік бөлімдерін Иракты қалпына келтіру жұмыстарына қатыстыру мүмкіндіктері туралы Қазақстан басшылығына 2003-жылдың сәуір айында өтініш білдірген болатын. Осыған байланысты полиция, әскери-медициналық және инженерлік-техникалық бөлімдерден жасақталған халықаралық тұрақтандырушы күштердің құрамына қазақстандық 25 әскери маманды жіберу жөнінде саяси шешім қабылданып, ол мамыр айының соңында ҚР парламентінде заңды түрде бекітілген болатын.

Соңғы жаңалықтар