Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9-қаңтарда Ирактың Васит провинциясында тиеулі оқ-дәріні түсіру сәтінде Қазбат капитаны Қайрат Құдабаев пен Украиналық жеті сапер қаза тапқан. Сондай-ақ, төрт қазақстандық, жеті украиналық бітімгерші жараланды.
ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылғандай, қазақстандық әскерилер қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, кәсіби әрі сауатты қимылдаған.
Қазіргі жағдаймен жаралы жауынгерлер тікұшақпен Багдадтағы әскери госпитальға жеткізілді. Қазбат бітімгершілерінің жағдайы орташа деп бағалануда.
Зардап шеккендер мен олардың отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау -көмек көрсетіледі деп сендірді қорғаныс мекемесіндегілер.