Иракта енді қыздарды 9 жастан тұрмысқа беруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта енді қыздарды 9 жастан тұрмысқа беруі мүмкін

Иракта енді қыздарды 9 жастан тұрмысқа беруі мүмкін

Ел Парламенті қазір заңды талқылауда.

  • 14 Тамыз
  • 16
Фото: ашық дереккөз

Жергілікті Ирак парламентшілерінің пайымдауынша, қызды бастауыш мектепті бітірген бойда күйеуге беру керек, яғни қыз бала 9 жастан бастап тұрмысқа шығу керек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сондай-ақ, шенеуніктердің айтуынша, некені 9 жастан бастап заңдастыру «әдепсіз қарым-қатынастардан» аулақ болуға көмектеседі. Иракта қазір қыздарға тек 18 жастан бастап тұрмысқа шығуға рұқсат етілген. Ал ер балалардың некеге тұру жасын 15 жасқа қысқарту ұсынылған.

Таяу Шығыста жасы үлкен ер адамдардың кәмелет жасына толмаған қыз балалармен шариғат бойынша некеге тұруы жиі кездеседі. Ресми түрде мұндай некеге заңмен тыйым салынғанымен жасөспірімдермен некелесу фактісі азаймай тұр. 

2017 жылы неке жасын 9 жасқа дейін төмендететін «Джафари заңын» қабылдау әрекеті жасалған болатын. Заң шиіт құқықтық мектебі– жафариттер мазһабының негізін қалаушы Джафар ас-Садықтың есімімен аталған. Заң жобасын қолдаушылар исламдық әдет-ғұрыптарды сақтауға мүмкіндік беретін Ирак Конституциясын алға тартты.

Сонымен қатар олар Мұхаммед пайғамбардың 9 жасар Айша есімді қызға үйленгенін мысалға алып отыр. Пайғамбардың амалдары мен сөздері сүннет, яғни әрбір мұсылманға үлгі. Сондықтан Ирактағы мұсылмандар 9 жасар қызға үйленуге ешқандай кедергі көріп отырған жоқ. 

Ирактың үйлестіру кеңесі мұсылмандардың шариғат заңына қайшы келмейтін кез келген әрекетті жасауға еркіндігі бар жеке мәртебе туралы заңды қайта қарауға шақырды.

Аталмыш заң жобасы шілденің басында талқылауға шығарылған, бірақ заң шығарушылардың едәуір бөлігі кейін оған қарсы дауыс берді. Шағын түзетулерден кейін парламенттегі шиит партияларының қолдауымен заң жаңа талқылауға шығарылды. Иракта бұл заң жобасына қарсы шығып жатқандар да бар. Егер бұл заң қабылданса, Ирак әлемдік рекорд орнатады. Қазіргі уақытта Камбоджада қыздар 13 жасынан бастап заңды некеге тұра алады. 

Халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, сондай-ақ Ирактың құқық қорғаушылары бұл түзетулерге алаңдап жатыр. Олар Ирак үкіметін заң жобасын қайта қарауға және балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын сақтауға шақырады. Иракта некеге тұру жасын төмендету мәселесі ішкі және халықаралық аренада белсенді пікірталас пен сын тудырып жатыр.