Иракта қаза тапқан Қазақстандық бітімгердің мүрдесі Алматыға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта қаза тапқан Қазақстандық бітімгердің мүрдесі Алматыға жеткізілді

Иракта қаза тапқан Қазақстандық бітімгердің мүрдесі Алматыға жеткізілді

Бүгін, 13-қаңтарда ҚР Қарулы күштерінің әскери-транспорттық ұшағы Алматы облысындағы "Жетіген" әскери-әуе базасына Иракта қаза тапқан "Қазбат" капитаны Қайрат Құдабаевтың мүрдесін жеткізді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қаңтар 2005
  • 593
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9-қаңтарда Ирактың Васит провинциясында тиеулі оқ-дәріні түсіру сәтінде Қазбат капитаны Қайрат Құдабаев пен Украиналық жеті сапер қаза тапқан. Сондай-ақ, төрт қазақстандық, жеті украиналық бітімгерші жараланды. Жараланған бір украиндық бітімгерші соңынан қайтыс болған.

Қаза тапқан офицердің мәйітін ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев, туыс-туғандары, достары мен қызметтестері қарсы алды. Ұшақ қонар алдында М.Алтынбаев журналистерге ҚР Қорғаныс министрлігі Қ.Құдабаевты ерлігі үшін І дәрежелі «Айбын» орденіне ұсынатынын хабарлады.
Министрдің айтуынша, ҚР зңнамасына сәйкес, қаза тапқан офицердің отбасына соңғы қызмет еткен орнындағы айлық жалақысы бойынша 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өтемақы беріледі. Қ.Құдабаев Ирактағы ұрыс алаңы аймағында қызмет атқарғандықтан аталмыш өтемақы көлемі 5,274 млн. теңгені құрайды.

Перейти к новостям спорта