Жарияланды: 440

Ирактағы "Орталық-оңтүстік" дивизиясының қолбасшылары ҚР Қорғаныс министрлігінен "Қазбат" әскерлерін марапаттауды сұрады

Ирактағы көп ұлт өкілдерінен құралған "Орталық-оңтүстік" дивизиясының қолбасшылары ҚР Қорғаныс министрлігінен "Қазбат" арнаулы инженерлік-саперлік отрядының әскерлерін ерлігі мен батырлығы үшін марапаттауды сұрады. Бұл туралы бүгін, 26-желтоқсанда Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада айтылған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дивизия қолбасшыларының хатында атап көрсетілгеніндей, "жауынгерлер құрамы Васит провинциясы аумағындағы жарылғыш заттарды жою міндетін атқару барысында жоғары кәсіпқойлық және еңбексүйгіштік қасиеттер танытты. Аса ауыр күн райы ахуалында өз міндеттерін бұлжытпай орындаған Қазақстандық жауынгерлер подполковник Қайрат Смағұловтың басқаруымен нағыз ержүрек азаматтар ретінде өздерін көрсете білді. Жауынгерлер өздеріне жүктелген міндетті орындауда Қазақстанның беделі - көк байрағын жоғары ұстады",- делінген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін