Ирактағы Қазбат бітімгершілік бөлімшесінің жауынгерлері құрамын өзгерту ақпан айында басталады
Ирактағы Қазбат бітімгершілік мақсаттағы инженерлік-саперлік бөлімшесінің жауынгерлері құрамын өзгерту белгіленген жоспарға сәйкес ақпан айында басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақбатальоны" инженерлік-саперлік отряды екі топқа бөлініп 19 және 20-тамызда Кувейтке ұшып кеткен болатын. Мұнда бітімгершілер күн райының өзгерісіне бейімделу сатысынан өтті. Отряд Бағдад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Иран шекарасына таяу жердегі поляктарға қарасты аймақта орын тепкен. Қазақстандық бітімгершілік топтың басты мақсаты - жарылғыш заттар құрылған алаңдарды залалсыздандыру және ауыз су көздерін табу болып табылады. Ирактағы Қазақстан бітімгершілік тобында 27 адам бар.
Қазақстандық жауынгерлер онда 6 ай аялдайды деп межеленген болатын.
Бүгінде, АҚШ Қарулы күштері Орталық Қолбасшылығымен келісім бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің жоспарына сәйкес Қазбаттың екінші тобы Иракқа баруға дайындалып жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін