Бомбалардың бірі қалаға жақын жердегі базарда жарылды, онда 35 адам көз жұмды.
Екінші жарылыс Бакубаға жақын жерде болды. Одан жергілікті жеті адам ажал құшты.
Қала үкіметтік әскер бақылауында. Алайда Дияла провинциясында әскердің «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының көтерілісшілерімен қақтығысы жалғасуда.
Шілдеде Диялада қасиетті Рамазан айында базардағы жарылыс кезінде 115 адам қаза тапқан.
Бакуба Бағдадтың солтүстік-батысына қарай 60 шақырымда орналасқан.