Жарияланды: 440

Иран әлемдік қаржылық дағдарыстың түп-тамырын АҚШ-тың экономикалық саясатынан көреді

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Иран әлемдік қаржылық дағдарыстың түп-тамырын АҚШ-тың экономикалық саясатынан көреді. Бұл туралы Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің VII кеңесі барысындағы үзіліс кезінде өткен брифингте Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, "өкінішке орай, әлемде бір ғана экономика жердің басқа нүктелерінде дағдарыс болып жатқан кезде пайда тауып отыр. Бұл белгілі бір экономиканың әлемде белгілі бір жүйені таңуынан туындаған. Мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолын біз әділетті халықаралық қаржылық жүйе құру деп білеміз ", - деді М.Моттаки. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін