Иранның экономика және қаржы министрі Шамседдин Хұсейннің мәлімдемесіне қарағанда, қазіргі таңда жеке компанияларға бұл жайында құлағдар етілген. Сондай-ақ, ол АҚШ пен Еуроодақ Иранға санкция салғандықтан ел билігінің осындай қадамға баруға мәжбүр болғандығын алға тартады. Қазіргі уақытта Иранның Орталық банкі өз валюта қорын алтынмен алмастырғанын айта кету керек.
Ал Иран валюта қорының баспасөз хатшысы Самед Кәрім дүйсенбіде мәлімдеме жасап, жергілікті валютаның арқасында тауар импортына қатысты сұраныстың артқанын алға тартты.
Еске салсақ, 2012 жылы АҚШ пен Еуроодақ Иранға қарсы бірқатар қаржылай санкция салған болатын.