Жарияланды: 430

Иран ғарышқа маймыл ұшырмақ

Иран өзінің ғарыш бағдарламасының аясында 2011 жылдың шілде айында ғарышқа маймыл ұшырмақ,

деп хабарлайды РБК агенттігі. ИРНА агенттігінің хабарлауынша, қазір бес хайуан арнайы сынақтан өткізілуде, солардың ішінен бір ғана маймыл «Кавошгар-5» кемесімен ғарышқа ұшырылады. Иран бұған дейін ғарышқа тышқан, тасбақа, т.б. жануарларды ұшырған болады. АҚШ пен оның одақтастары, Тегеран өз ғарыш бағдарламасында пайдаланып отырған технологияларды алыс қашықтыққа ұша алатын зымырандар жасау үшін пайдалануы мүмкін деп алаңдауда. Бірақ Тегеран бұл айыптауларды теріске шығаруда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін