Мұнай министрі орынбасарының айтуынша, бұл аймақта тәулігіне орта есеппен 1,3 млн. баррель мұнай өндірілуде.
Министрдің орынбасары Каспий аймағында өндірілген қуат көздерін экспорттауда «солтүстік-оңтүстік» дәлізін құрудың маңызын жоғары бағалады.
Оның айтуынша, Каспий аймағында мұнай өндірудің орташа өзіндік құны бір баррель үшін 5 долларды құрайды, ал Теңіз кенішінде бұл көрсеткіш 2-2,5 доллар аралығында.
Хамдолла Мохаммад-Нежадтың хабарлауынша, Иранның Нека айлағы болашақта тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін мұнай қабылдауы тиіс.