Бұл туралы бүгін, 24-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Муртазо Саффори мәлімдеді.
Муртазо Саффоридің айтуынша, «Иран қазір Каспий теңізін бөлісу мәселесі бойынша, тараптар екі несмесе үш жақты келіссөздер мен келісімдер негізінде өзара мәмілеге келуі тиіс деген пікірде». Алайда, Муртазо Саффоридің айтуынша, Ирандық мамандардың қорытындысына сәйкес Иранның үлесіне Каспий теңізінің 19,7 — 20,3 проценті тиюге тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 14-мамырында Алматыда Каспий теңізі түбінің шекаралас учаскелерін бөлісу сызығы және олардың түйілісу нүктесі туралы Ресей, Қазақстан және Әзербайжан арасындағы үш жақты келісімге қол қойылған болатын. Соның нәтижесінде теңіз тереңін 60 процент шамасында бөлісу жөнідегі құжатқа қол қойылды. Келісімге сәйкес, теңіздің 19 проценті Ресейге, 29 проценті Қазақстанға, 18-19 проценті Әзірбайжанның үлесіне тиіп отыр.