Жарияланды: 660

Иран Каспий теңізін ортақ сызық бойынша бөлісуге қарсы емес -Иран елшісі

"Иран Каспий теңізін ортақ сызық бойынша бөлісуге қарсы емес. Алайда, мамандардың мәліметіне сүйенсек, сол ортақ сызықтың өзін анықтаудың 14-16 түрі бар екен. Мәселенің ең бастысы - солардың арасынан қандай түрдің таңдалатындығында".

Бұл туралы бүгін, 24-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Муртазо Саффори мәлімдеді. Муртазо Саффоридің айтуынша, "Иран қазір Каспий теңізін бөлісу мәселесі бойынша, тараптар екі несмесе үш жақты келіссөздер мен келісімдер негізінде өзара мәмілеге келуі тиіс деген пікірде". Алайда, Муртазо Саффоридің айтуынша, Ирандық мамандардың қорытындысына сәйкес Иранның үлесіне Каспий теңізінің 19,7 - 20,3 проценті тиюге тиіс. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 14-мамырында Алматыда Каспий теңізі түбінің шекаралас учаскелерін бөлісу сызығы және олардың түйілісу нүктесі туралы Ресей, Қазақстан және Әзербайжан арасындағы үш жақты келісімге қол қойылған болатын. Соның нәтижесінде теңіз тереңін 60 процент шамасында бөлісу жөнідегі құжатқа қол қойылды. Келісімге сәйкес, теңіздің 19 проценті Ресейге, 29 проценті Қазақстанға, 18-19 проценті Әзірбайжанның үлесіне тиіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть