Иран МАГАТЭ-нің ядролық қауіпсіздік туралы конвенциясына қосылуға заңдық дайындығын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран МАГАТЭ-нің ядролық қауіпсіздік туралы конвенциясына қосылуға заңдық дайындығын бастады

Иран МАГАТЭ-нің ядролық қауіпсіздік туралы конвенциясына қосылуға заңдық дайындығын бастады

Иран МАГАТЭ-нің ядролық қауіпсіздік туралы конвенциясына қосылуға заңдық дайындыққа кірісті, деп Иран вице-президенті Фарейд Аббас бүгін МАГАТЭ-ның ядролық қауіпсіздік жөніндегі конференциясында мәлімдеді.

  • 20 Маусым 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Иран ядролық қауіпсіздік жөніндегі конвенцияға қосылу мақсатында заңдық шараларды жүзеге асыруға кірісті», — дейді ол.

Иран өкілі Жапониядағы қайғылы оқиғадан кейін ядролық қауіпсіздік пен ноу-хауға қол жеткізудің берік стандарттары қажет екенін еске салды.
Иранда қазіргі кезде алғашқы және жалғыз «Бушер» атом станциясы бар. Ол Парсы шығанағы жағалауында орналасқан. Станция құрылысын 1970 жылдары неміс мамандары бастап, кейіннен тоқтап қалған. 90-шы жылдары АЭС құрылысына ресейлік «Атомстройэкспорт» ЖАҚ тартылды. Станциясы іске қосу мерзімі аздап алға жылжыды.
«Бушер» АЭС реакторына арналған алғашқы сұйық отын Ресейден Иранға 2008 жылы қаңтар айында жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар