Иран, Пәкістан және Үндістанға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран, Пәкістан және Үндістанға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді

Иран, Пәкістан және Үндістанға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді

Бүгін, 5-шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 10-шы саммитінде Үндістан, Пәкістан және Иран елдеріне осы ұйымның жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2005
  • 581
Фото - Caravan.kz

Ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары аталған елдерге бақылаушы мәртебесін беру туралы шешімді бірауыздан қолдады.

«Мұндай шешімді қабылдау барысында біз аталмыш елдердің экономикалық және адами ресурстары мен қазіргі заманғы геосаясатқа тигізетін әсер-ықпалын ескердік»,- деді Н.Назарбаев. Қазақстан президенті «Шанхай ынтымақтастығы ұйымының географиялық аясын кеңейту — ұйымның әлеуетін арттырып, аймақтағы көп жақты ынтымақтастық пен ықпалдастыққа оңды әсерін тигізеді» дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта