Жарияланды: 360

Иран Қазақстанмен арадағы тауар айналымын 5 миллиард АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр

Иран Қазақстанмен арадағы тауар айналымын 5 миллиард АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр.

Бұл туралы бүгін Ислам Ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған кездесуден журналистермен сұхбаттасқан Иранның Сыртқы істер министрі Али Акбар Салехи мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның айналдырған 20 жылдың ішінде қаншалықты үлкен жетістіктерге жеткендігін әлем көріп отыр. «Бұл Қазақстанда елді үлкен биіктерге көтеретін өрелі азаматтардың бар екендігінің көрінісі. Ал Қазақстанда өткен Ислам Ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы үлкен маңызы бар оқиға болды. Кездесу барысында біз екі ел арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелерін сөз еттік. Біз бүгін Қазақстан мен Иранның мүмкіндіктерін ескере отырып, жақында екі ел арасындағы тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізуді көздеп отырмыз»,-деді Иран министрі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін