А.Аджаллауиан : «былтырға дейін Иран бидайды Қазақстаннан сатып алатын. Қазір біз елімізді астықпен өз күшімізбен қамтамасыз етуге кірістік. Дейтұрғанмен, біз Қазақстаннан swap схемасы бойынша астық айырбастап алудан мүдделіміз»,- деп атап көрсетті. Елшінің айтуынша, Қазақстан өкілдері жуырда Иранға барып, осы саладағы ынтымақтастық түрі туралы келісімге келмекші.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгінде екі ел арасында жылына 1 млн. тонна Қазақстан астығын беру туралы мәселе талқылануда.