Кездесу барысында Серік Ахметов 15-17 қазан аралығында экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Иран үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысын өткізу жоспарланып отырғандығынан хабардар етті.
Кездесуде Иран, Түркіменстан және Қазақстан елдері арқылы өтетін темір жол салынуының маңыздылығы атап өтіліп, аталған жолдың Қазақстан жеріндегі 135 шақырым бөлігінің құрылысы 2009 жылы басталатындығы жоспарланып отырғандығы айтылды.
Сонымен қатар, кездесу барысында екі ел арасындағы халықаралық автомобиль арқылы жүк тасымалдаудағы 2009 жылға бланк алмастыру квотасын ұлғайту мәселесі көтеріліп, екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылу мүмкіндіктері қарастырылды.
Иран Ислам Республикасының Жол және көлік министрі Хамид Бехбахани Ақтау, Амирабад және Анзали порттарының ынтымақтастығын дамытудың маңызды екенін атап көрсетті.