Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан қазақтың мәдени мұрасына қатысты деректерді шетелдік мұрағаттарды жинақтау жүргізілгендігін атап өткен М. Құл-Мұхаммед: «Ол бойынша дәл қазіргі кезеңде Мысырдағы, Түркиядағы, Ирандағы, Ресейдегі және Өзбекстандағы Қазақстан тарихына қатысты археологиялық деректер келе бастады. Әсіресе, иран архивінде қазақ хандығы екеуінің ортасындағы жазысқан хаттар, түрік архивтеріндегі қазақ хандарымен жазысқан хатта, қытай архивіндегі Қытай императоры Цян Лунның кезіндегі Абылаймен екі ортадағы жазысқан хаттар бар. Олардың барлығы қазір қазақ архивіне келе бастады. Бұл жөнінде мүмкін жылдың аяғында үлкен көрме өткізіп, сонда көрсетерміз деп ойлаймын», — деді М. Құл-Мұхаммед.
Сондай-ақ, ол Қазақстан аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштердің төлқұжаты жаңартылып, олардың кәсіби суреттері жасалғандығын баса айтты.