Жарияланды: 330

Иран уранға 20 пайыздық байыту жүргізіп отырған жоқ

Сыртқы істер министрі Али Акбар Салехи бүгін МАГАТЭ-нің Иран уран байытуды 20 пайыздан асырып жүргізуді жалғастыруда деген мәліметін жоққа шығарды.

Журналист сұрағына жауап бере отырып, ол "Ислам республикасы егер ядролық салада кез келген бейбіт қызметті бастаса, ол туралы және бұл қызметтің МАГАТЭ нормаларына сәйкес екендігі туралы жариялаған болар еді", - деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, иран билігі МАГАТЭ-ні 20 пайызға байытылған уранның Натанзадағы зерттеу орталығынан Форду елді мекеніне жақын орналасқан басқа нысанға жеткізілгені жайлы хабардар етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін