Иран жаңа зымыранды сынамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран жаңа зымыранды сынамақ

Иран жаңа зымыранды сынамақ

Ирандық әскерилер «Ұлы пайғамбар 6» жаттығуының барысында дыбыстан да жылдам ұшатын «жер-теңіз» сыныбындағы жаңа зымыранды сынақтан өткізбек,

  • 5 Шiлде 2011
  • 473
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Зымыранның техникалық мазмұны туралы ештеңе айтылмайды, бірақ, әскерилердің хабарлауынша, жаңа зымыран жақсы ұйымдастырылған әуе қорғанысы және радиоэлектрондық соғыс жағдайында қарсыластардың су үстіндегі кемелерін жоюға арналған.

«Біз бұл технологияны былтыр аяқтадық, соның негізінде жасалған зымыранның жылдамдығы дыбыстан әлдеқайда жылдам», деп мәлім етті Ислам революциясы сақшылары корпусының бригадалық генералы Әмір Әли Хаджизадех өз сұхбатында.

Бұған дейін, 29 маусымда Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Уильям Хейг, Иран ядролық заряд тасымалдай алатын баллистикалық зымырандардың құпия сынағын жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Британ тарабының ақпараты бойынша, 2010 жылдың қазан айынан бері Иран орта қашықтыққа ұша алатын баллистикалық зымырандардың ең жоқ дегенде үш құпия сынағын өткізген.

Соңғы жаңалықтар