Иранда Каспий теңізінде жұмыс істеуге арналған "Мазандаран" атты бұрғылау қондырғысының құрылысы аяқталуға жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранда Каспий теңізінде жұмыс істеуге арналған "Мазандаран" атты бұрғылау қондырғысының құрылысы аяқталуға жақын

Иранда Каспий теңізінде жұмыс істеуге арналған "Мазандаран" атты бұрғылау қондырғысының құрылысы аяқталуға жақын

Каспий теңізіндегі мұнай қоры мол кеніштерді барлауда қолданылатын "Мазандаран" атты суға жартылай батырылатын бұрғылау қондырғысының құрылыс жұмыстары 59 процент атқарылды. Бұл туралы Ұлттық Иран мұнай компаниясына (NIOC) сілтеме жасай отырып Media-Press хабарлайды.

  • 11 Тамыз 2003
  • 616
Фото - Caravan.kz

Құны 215 млн. долларға бағаланған бұл жобаны Иранның Iran Maritime Industries (Sadra) компаниясы мен Швецияның GVA-C корпорациясынан құрылған консорциум жүзеге асырады. Қазір құрылыс жұмыстары кесте бойынша атқарылу үстінде. Қондырғы 2004-жылдың орта тұсында тапсырыс берушінің меншігіне өтеді.

Суға жартылай батырылатын «Мазандаран» бұрғылау қондырғысы Каспийдің терең сулы бөлігіндегі жұмыстарды атқарады. Англия және Голландиялық Royal Dutch Shell компаниясы жүзеге асырған сейсмологиялық алдын-ала барлау қорытындысына сүйенсек, Каспий теңізінің Ирандық бөлігіндегі мұнай қоры шамамен 10 млрд. баррельге бағаланып отыр.
Болашағы бар мұнай құрылымдарына барлау жүргізетін халықаралық консорциум әлі толық құрылған жоқ.