Иранда қуаты 5,1 балл жер сілкінісі болды
Иранның шығысында қуаты 5,1 балл жер сілкінісі болды. |
Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.
Жер асты дүмпуі жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 23:17-де білінген. Жер сілкінісінің кіндігі Керман қаласының оңтүстік-шығысынан 48 шақырым жерде, жер сілкінісінің ошағы 37 шақырым тереңдікте орналасқан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы, сондай-ақ қираған ғимараттар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін