"Сол себепті теракт немесе ұшаққа зымыран ату басты назарға алынуы қажет", — дейді Вадим Лукашевич.
Бүгінгі күні ұшақтың құлауына себеп болған жағдай қозғалтқыштың жануы көрінеді. Дегенмен Лукашевич бұл себеп емес, оқиғаның салдары дейді.
"Видеода егер ол жалған болмаса, ұшақтың 25 градусқа еңкейіп құлап келе жатқандығы байқалады. Сонымен қатар оның қозғалтқышы осы сәтте отқа оранған, яғни ұшақтың тізгінін қолға ұстау мүмкін емес болған",- деп қосты ресейлік сарапшы.
Бұған қоса ол әуе кемесінің қалдықтарының арасында табылған бөлшектер қолмен басқарылатын зениттік зымыраннан келген зақымнан болуы мүмкін екендігін жеткізді. Лукашевич ссылайша ұшақ жерге құлағаннан кейін жарылғанын меңзеді.
Сарапшы Иран басшылығын да сынға алды. Айтуынша, Вашингтонмен болған кикілжің кезінде мемлекет өздерінің әуе кеңістігін жаппаған. Тегеранның әуе қауіпсіздігін ескермеуі нағыз қылмыс деді Вадим Лукашевич.