Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Натрий перхлораты қатты зымыран отынының құрамында қолданылады, деп хабарлады The New York Times Ислам революциясы сақшылары корпусымен (КСИР) байланысты дереккөзге сілтеме жасай отырып. Дегенмен басылыммен сұхбаттасушы химиялық заттың жарылуына не түрткі болғанын нақтыламады.
Еске салсақ, Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас маңындағы Шахид-Раджаи портында 26 сәуірде жарылыс болды. Оқыс оқиға салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тауып, 750-ден астам адам жараланды. Иранның ішкі істер министрі Эскандар Момени оқиғаға орнына бірден барды. Дегенмен әлі күнге дейін жарылыстың ресми себебі айтылмады.
Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сонымен қатар Иранның жарылыс болған портының Қазақстан үшін маңызы қандай екені нақтыланды.