Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына Иран Республикасының ауыл шаруашылығы саласының мамандары келді. Шетелдіктер өңір малшыларына қойды қолдан ұрықтандыру арқылы 12 айда 6 төл алу технологиясын үйретпек, деп хабарлайды Baq.kz.
«Шетелдік мамандардың мал, тауық шаруашылықтарын дамытуда тәжірибесі мол. Аудан әкімдігінде өткен кездесу барысында шетел инвесторлары ауа райы өте қолайлы, жері тың, суы мол, 7 түрлі табиғи емдік шөбі бар Жаңақорған ауданына төрт түлік малдың, оның ішінде қойдың санын көбейту технологиясы жайында ой бөлісті», — деп аталып өткен аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Сонымен қатар, құс фабрикасын және әртүрлі гүлдер жылыжайын салу жоспарланып отыр. Шетелдіктер қойды қолдан ұрықтандыру арқылы 12 айда әрбір қойдан кемінде 4 немесе 6 төл алуға болатынын жеткізді