”Иранның Әзірбайжандағы әуежайды дронмен атқылауы мүмкін емес” - Ирантанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 571.78
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Иранның Әзірбайжандағы әуежайды дронмен атқылауы мүмкін емес” - Ирантанушы

”Иранның Әзірбайжандағы әуежайды дронмен атқылауы мүмкін емес” - Ирантанушы

Кеше ғана Иран Әзірбайжандағы әуежайды дронмен атқылады деген ақпарат шықты.

  • 6 Наурыз
  • 21
Жасанды интеллект

Осыған байланысты ирантанушы Жәнібек Көпжасар пікірімен бөлісті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ирантанушы ретінде Иранның Әзербайжандағы әуежайды дронмен атқылауы мүмкін емес деп санаймын. Иран билігі соншалықты ақымақ емес, не болмаса дрон жіберген сарбаз не қателесті, не болмаса Израильдің тыңшысы. Сенгім келмейтін тағы бір нұсқа: бұл Израиль мен Әзербайжан билігінің бірлескен операциясы. Президент Әлиевтің мәлімдемесінен осыны аңғардым.
Күрд жасақтары жайында: Ирақтағы Күрдістан автономиясынан Иранға күрд жасақтары кіреді деп жатқан ақпарат та шындыққа келмейді. Иә, күрдтердің арасында Күрдістан мемлекетін құруды армандайтындар жеткілікті. Бірақ, олар Сирия мен Ирақ Күрдістанын біріктіріп мемлекет құрмақшы. Ал, Иран Күрдістаны Иран құрамында қалу керек деп есептейді. Менің ойымша, қазір тарап жатқан ақпарат күрд жасақтары жайында емес, ДАИШ туралы болып отыр. ДАИШ-тың Сирия мен Ирақтағы жасақтары ешқайда кеткен жоқ. Израиль сол жасақты Иранға қарсы пайдаланбақ деп ойлаймын. Себебі, соңғы үш күнде Иранның батысындағы провинциялар, әсіресе Күрдістан провинциясы жаппай бомбаланып жатыр. Егер күрдтердің телеграмм каналдарына сенсек, Күрдістан провинциясы қазір әскерсіз, сарбазсыз, полициясыз және басшысыз қалған. Барлық дерлік қалалар мен елді-мекендер бомбаланды. Полиция мен әскери полигондарда қару-жарақ қараусыз қалды.
Дүниежүзіндегі барлық күрдтердің 7 партиясы бар, өзара ұстанымдары әртүрлі болғанмен, мақсаттары бір. Және 4 мемлекеттің құрамындағы күрдттер солардың сөздерін тыңдайды.
Жалдамалы күрдтер жасағы туралы әңгіме бөлек”, — деп жазды ирантанушы.