Иранның оңтүстігінде 5,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранның оңтүстігінде 5,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Иранның оңтүстігінде 5,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Сәрсенбі күні таңертең Иранның оңтүстігінде екі бірдей жер сілкінісі болып, олардың ең күштісі 5,3 магнитуда болды, деп хабарлайды АҚШ-тың Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап.

  • 15 Маусым 2011
  • 487
Фото - Caravan.kz

Бірінші жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 04.33 кезінде болған. Жерасты толқындарының эпицентрі Бам қаласынан 155 шақырым оңтүстік-шығысында орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 33,4 километр тереңдікте орналасқан.

Арадан үш минут өткеннен кейін, аймақта 5,3 магнитудалы екінші жер сілкінісі тіркелген. Оның эпицентрі Бам қаласынан 147 шақырым оңтүстік-батысқа қарай жерде орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 36,8 километр тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен қираулар туралы мәліметтер әзірге келіп түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар