Иран мемлекеттік радиосының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 5 сағат 28 минутта болған сілкініс ошағы Бам аталатын көне қаланың маңында болды. Қаланың тарихи орталығы түгелдей қирап қалды деген хабар бар. «Бам қаласында сілкіністен мерт болғандар мен жаралылар, қирап қалған үйлер өте көп»,- деген қала губернаторы Мухаммед Али Каримидің сөзін Иран мемлекеттік радиосы таратты. Губернатордың айтуынша, қираған үйлердің астында қалған адамдар да біршама.
Иран Қызыл крест қоғамы әзірге қайтыс болғандардың нақты санын айта алмай отыр. Жер сілкінісі болған аудандағы кейбір қалалармен арадағы байланыс үзіліп қалған.