Иранның оңтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранның оңтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі болды

Иранның оңтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі болды

Иранның оңтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі болды. Би-би-сидің хабарлауынша, дүмпу күші Рихтер өлшемімен 6,3 баллға жеткен. Жер сілкінісінен көп адам құрбан болып, көптеген үйлер қирап қалды.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 416
Фото - Caravan.kz

Иран мемлекеттік радиосының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 5 сағат 28 минутта болған сілкініс ошағы Бам аталатын көне қаланың маңында болды. Қаланың тарихи орталығы түгелдей қирап қалды деген хабар бар. «Бам қаласында сілкіністен мерт болғандар мен жаралылар, қирап қалған үйлер өте көп»,- деген қала губернаторы Мухаммед Али Каримидің сөзін Иран мемлекеттік радиосы таратты. Губернатордың айтуынша, қираған үйлердің астында қалған адамдар да біршама.

Иран Қызыл крест қоғамы әзірге қайтыс болғандардың нақты санын айта алмай отыр. Жер сілкінісі болған аудандағы кейбір қалалармен арадағы байланыс үзіліп қалған.

Соңғы жаңалықтар