Жарияланды: 370

Иранның теңіз порты Қазақстанға әкелінетін көліктерді толық тиеп жіберді

Иранның Анзали порты арқылы Қазақстанға әкелінетін жеңіл көліктердің бәрі де паромдарға тиелді, деп Маңғыстау облысының Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақпарға қарағанда, жұма күні Әзірбайжаннан 217 көлік тиелген үш паром келеді. 189 көлік тиелген тағы бір паром Әзірбайжаннан 25-маусымда келеді. 300 жеңіл көлік тиелген тағы бір паром Баку портында дайын тұр. Сонымен қатар, Баку порты мен уақытша сақтау қоймаларында рәсімделмеген 546 автокөлік тұрған көрінеді. Жалпы, 1-шілдеге дейін 1823 жеңіл көлікті рәсімдеу туралы өтініш білдірілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін