Ақпарға қарағанда, жұма күні Әзірбайжаннан 217 көлік тиелген үш паром келеді.
189 көлік тиелген тағы бір паром Әзірбайжаннан 25-маусымда келеді. 300 жеңіл көлік тиелген тағы бір паром Баку портында дайын тұр. Сонымен қатар, Баку порты мен уақытша сақтау қоймаларында рәсімделмеген 546 автокөлік тұрған көрінеді.
Жалпы, 1-шілдеге дейін 1823 жеңіл көлікті рәсімдеу туралы өтініш білдірілген.