«Ірі денелі еді, орысша сөйлеуге қорқатынмын»: Қазақтың келіні Таня Тұрлай қазақ тілі туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ірі денелі еді, орысша сөйлеуге қорқатынмын»: Қазақтың келіні Таня Тұрлай қазақ тілі туралы айтты

«Ірі денелі еді, орысша сөйлеуге қорқатынмын»: Қазақтың келіні Таня Тұрлай қазақ тілі туралы айтты

Қазаққа келін атанған КВН жұлдызы Татьяна Тұрлай өзінің қазақ тілін қалай үйренгені туралы және қазір не үшін жетілдіріп жүргені жайлы айтты.

  • 1 Ақпан 2021
  • 1352
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады. 

Салем, туысқандар!

Мен неге қазақша үйреніп жүрмін? Оның көптеген себептер бар.

* Әжем Украинадан Абай атындағы қазақ ауылына қоныс аударды және сол жердегі қазақтардың арасында менің анам да өсті.

* Анам осы ауыл туралы және онда тұратын адамдар жайлы ыстық сезіммен еске алатын. Ауыл тұрғындары менің әжем Нинельді жақсы көрді және оны туған адамындай қабылдады! Тілді үйрену – мен үшін ең сүйікті әрі қымбат жандар – әжем мен анам өмір сүрген қайырымды абайлықарға деген алғыс.

* Мен мектепте және колледжде өте жақсы оқыдым, сол жерде қазақ тілінің білім базасын алдым — жалғаулар, жұрнақтар, септіктер … Естеріңізде ме?!

* Мен жатақханада қазақ қыздарының арасында тұрдым. Олар қазақ бөлімінде оқыды. Егер мен ас бөлмеде тамақ дайындау үшін плитадан орын беруді орысша сұрасам, олар орын бермейтін. Ал қазақша сұрасам болды, бірден екі орны беретін еді. Лайфхак қой

* Мен Торғайдың жігіттері арасында (ол кезде Жайдарман деп аталған) қазақша КВН ойнадым (Арқалықтың қасында) Ондай жер туралы естіп пе едіңіздер?! Ыбырай Алтынсарин сол жерде алғашқы қазақ мектебін ашқан, ол жақта барлығы қазақша өте жақсы сөйлейді. Жігіттер ірі денелі, мықты болатын. Мен олардың жанында орысша сөйлеуге қорқатынмын.

* Мен қазақ отбасынан шыққан татарға үйлендім. Ринчик және оның отбасы, қазақ тілін өте жақсы біледі.


* Менің ортаншы сіңілім қазаққа үйленді, мен жақсы көретін және бүкіл Қостанай облысына сыйлы адам Бауыржанға. Мен сіңіліме қонаққа барғанда оның енесімен сүттеп шай ішіп, әңгіме айтамыз.

* Мен көп жылдан бері түрлі іс-шаралар мен той-томалақ өткізіп жүрмін, ол жерден де көп нәрсе білдім.

* Мен Алматыдағы қазақ тілі мектебіне оқуға бардым!

* Ал қазір менде керемет ұстаз, әдемі, полиглот, ең ақылды адам, дарынды маман бар! Ол — Владислав Тен.

* Ол бірнеше тілдерді жетік біледі және оларды Нұр-Сұлтандағы өзінің мектебінде үйретеді!

* Кәріс, тап –таза қазақша сөйлейді — ол бізге, орыстілділерге тіл үйренуге арналған арнайы техника жасап шығарды!

* Владислав, рахмет және сізге тағзым етіңіз! Сіз данышпансыз,- деп жазды Таня Тұрлай. 

Соңғы жаңалықтар