Жарияланды: 390

Ірі кәсіпорындарды тексеретін арнайы аудиторлар «армиясын» даярлануда

Келесі жылдан бастап ірі кәсіпорындардың энергияны үнемдеу жүйесін арнайы аудиторлар тексеретін болады.

Бұл туралы Астанадағы конференцияда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті. Вице-министр атап көрсеткендей, бүгінде Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бір өнімге жұмсайтын энергия көлемі тым көп болып отыр. «Еуропада оған үш-төрт есе аз энергия жұмсалады. Сондықтан келесі жылы қаңтардың 1-інен бастап еліміздегі энергия үнемділігін арнайы аудиторлар тексеретін болады. Қазіргі кезде біз ондай қызметкерлердің тұтас бір «армиясын» даярлап жатырмыз», - дейді А.Рау. Министрдің сөзіне қарағанда, аудиторлар энергетикалық реестрге кіретін барлық кәсіпорындарды тексермек. Олардың қатарына 1500 тоннадан астам шартты отын көлемін тұтынатын нысандар кіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін