Ірі кәсіпорындарды тексеретін арнайы аудиторлар «армиясын» даярлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ірі кәсіпорындарды тексеретін арнайы аудиторлар «армиясын» даярлануда

Ірі кәсіпорындарды тексеретін арнайы аудиторлар «армиясын» даярлануда

Келесі жылдан бастап ірі кәсіпорындардың энергияны үнемдеу жүйесін арнайы аудиторлар тексеретін болады.

  • 7 Қараша 2012
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астанадағы конференцияда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

Вице-министр атап көрсеткендей, бүгінде Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бір өнімге жұмсайтын энергия көлемі тым көп болып отыр. «Еуропада оған үш-төрт есе аз энергия жұмсалады. Сондықтан келесі жылы қаңтардың 1-інен бастап еліміздегі энергия үнемділігін арнайы аудиторлар тексеретін болады. Қазіргі кезде біз ондай қызметкерлердің тұтас бір «армиясын» даярлап жатырмыз», — дейді А.Рау. Министрдің сөзіне қарағанда, аудиторлар энергетикалық реестрге кіретін барлық кәсіпорындарды тексермек. Олардың қатарына 1500 тоннадан астам шартты отын көлемін тұтынатын нысандар кіреді.

Соңғы жаңалықтар